«Павлодар мұнайгаз колледжі» мекемесі мұнайгаз саласы бойынша жаңа мамандықтарды лицензиялауға байланысты 2006 жылдың 31 наурызында Павлодар облысының Әділет басқармасында тіркелді.
Колледж жеке меншік қос қабатты М. Горький 102/1 мекен-жайындағы ғимаратта орналасқан.

Толығырақ

Денсаулық сақтау технологялары (студенттерге арналған ұсынымдар)

  1. Сабақты орындауды күннің бірінші жартысында баста.
  2. Компьютер алдында (планшет) 25 минуттан аспай уақыт өткіз. Ыңғайлы жұмыс қалпын таңда, жұмыс қалпын мезгілмен ауыстыр, бүкірейіп отырмаңдар.
  3. Жұмыста үзілістер жаса. көзге арналған гимнастика және жаттығулар жаса.
  4. Жұмыс үстелінде артық заттарды алып тастап, тек компьютер қалдырған жақсы.
  5. Дұрыс отыру туралы ұмытпа.
  6. Компьютер алдына жақын отырма, мониторға дейінгі қашықтық кемінде 30-50 см болуы тиіс.
  7. Дұрыс жарықтандыру туралы ұмытпа, жарық сол жағынан үстінен, ал егер Сіз солақай болсаңыз, онда оң жақтан жоғарыдан түсуі керек.