Спорттық өмір

Колледж студенттері 10 қазан күні студенттер арасындағы 29-Облыстық спартакиада шеңберінде жеңіл атлетика кроссы бойынша жарысқа қатысты. Келесі студенттер колледж ұжымын лайықты түрде көрсетті:

19 сәуірде біздің команда Отан қорғаушылар Күніне және Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылуының 30 жылдығына арналған әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша колледждер арасында өткен «Айбын» облыстық жарысына қатысты.

 СЭГГ-118 тобының 1-курс студенті Воробьёв Алексей 2 лигадағы колледж студенттерінің арасында XXVIII облыстық спартакиадасы бағдарламасында 3 км қашықтыққа 9,37.00 нәтижесімен «Күзгі кросс» жеңілатлетикалық жүгірісте 2-орынға ие болды.

13-18 қаңтар аралығында Павлодар қаласында бокс бойынша Облыстық чемпионат өтті. 69 кг салмақ дәрежесінде 3-курс студенті Драган Евгений 2-орынға ие болды.  

Қазақстан Республикасының астанасының - Астана қаласының 20 жылдығын мерекелеу шеңберінде спорттық-бұқаралық іс-шаралар жоспарына сай 2018 жылы 28 ақпанда колледжде, ПМУ алаңында колледж студенттері арасында классикалық стильде шаңғы сайысы бойынша жеке біріншілік өткізілді.

2018 жылы 2 наурызда Павлодар мұнайгаз колледжінің студенттері VII қысқы Универсиаданың мерекелік ашылуына қатысты.Орасан зор спорттық оқиға «Астана» Мұз сарайында өтті. Павлодар облысының әкімі Болат Бакауов спортшыларды қарсы алған кезде, қысқы студенттік ойындарды павлодарлықтар өз жерінде қарсы алатындарын айтты.

Жеңіл атлетика бойынша жарыс

2017 жылғы 18-19 мамыр аралығында колледж студенттерінің XXVI облыстық спартакиада шеңберінде жеңіл атлетика бойынша жарыстар өтті.